Ақтөбелік жасөспірімдер арасында биыл 2 суицид жағдайы тіркелді
Жасөспірімдер арасында суицид белең алып барады. Биыл қалада өз-өзіне қол жұмсауға қатысты 2 оқиға тіркелген. Өз бетінше өмірімен қош айтыспақ болған 9 баланы райынан қайтару мүмкін болды. Өзекті мәселе бүгін №12 орта мектепте өткен семинарға арқау болды. Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мамандары қала мектептерінің психологтарын жинап, оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасау керектігін айтты. Балалар өзі мазалаған сауалға жауапты ғаламтор, әлеуметтік желіден іздемеуі керек. Ата-ана әрқашан баласының сабақтан соң немен айналысатынын назарынан тыс қалдырмасын дейді психологтар. |
Количество показов: 1903
Дата создания: 07.11.2013 17:46:52