Ақтөбелік шебер орта ғасырлық соғыс қаруын жасап шығарды
Ақтөбелік ісмер Рүстем Бисенғалиев ағаштан өткен ғасырларда қолданыста болған әскери зеңбірек жасап шығарды.
Рүстем Бисенғалиев- ағаштан түйін түйетін шебер. Ол осы уақытқа дейін әртүрлі жиһаздар жасап кәсіп еткен. Ісмердің қолынан шыққан ағаш бұйымдары, үстелдер мен терезе жақтаулары үлкен сұраныста. Ағаш ұстасы жыл бойына мынадай зеңбірек жасаумен машықтаныпты. Айтуынша, мұндай әскери қару өткен XIV,XV ғасырларда шайқастарда пайдаланылған. Шебер іске кіріспес бұрын әскери қару-жарақтар туралы біраз тарихи еңбектерді ақтарыпты. Зеңбіректің тура көшірмесін жасауға ағаштан бөлек, металл да пайдаланған. Зеңбіректің ұзындығы 3 метрге жуық. Ені 1 метр 60 сантиметр, бір дөңгелегінің салмағының өзі 50 келі болады. Зеңбіріктің жалпы салмағы 309 келі тартатындықтан бірнеше кісі бірігіп, орнынан әрең қозғайды. Сатып алушылар табылмаса, өнертапқыш жұмысын музейге тапсыруға ниеттеніп отыр.
|
Количество показов: 1831
Дата создания: 09.01.2014 19:07:26