Ақтөбелік шебер ағаштан алып кеме жасады
Ақтөбелік шебер ағаштан биіктігі төрт жарым метрлік кеме жасады. Шебер Мейіржан Нұртазин кемені жалғыз өзі құрастырған жоқ. Жұмыстастары көмектескен. Ал, үлгіні кітаптан қарап алыпты. Өзінің айтуынша, бұл 18-ғасырда әскери мақсатта қолданылған су көлігі. Мына зеңбірек соның дәлелі. Кеменің ұзындығы төрт, биіктігі төрт жарым метр. Қарағайдан жасалған. Ағаштыњ түсіне үйлестіріліп сары матадан желкен тігілген. Кеменің алдыңғы бөлігінде қыран құстың бейнесі қашалып жасалған. Жиектері қазақы ою-өрнекпен әспеттелген. «Ж.Е.Т.Е.М» деген сөз осы кемені жасаған шеберлердің есімдерінің алғашқы әріптері. Әрі, теңізге шыққан кеме қандай қиындық көрсе де, діттеген жеріне жетеді деген мағына білдірсе керек. Тапсырыс берген тұрғын кәдесыйды 20-ақпанда туылған ұлына сыйламақ. Кемені үйдің төріне қоямын депті. Ал, шебер енді 13 метрлік кеме жасауға кіріспекші. |
Количество показов: 2331
Дата создания: 18.02.2014 21:04:04