Ақтөбелік отбасына көмек қажет
Қол арбаға таңылған Юрий Устимович екінші топтағы мүгедек. Дұрыс сөйлей де алмайды. Ал ағасы Александр Котельников үшінші топтағы мүгедек. Өздерінің және анасының ай сайынғы зейнетақысы мен жәрдемақысы ағаш пен көмір сатып алудан ауыспай отыр. Олар үй құласа, қирандының астында қалып кетеміз бе деп қорқады. Қазіргідей көктайғақта ешбірі далаға шығудан да қалған.
Бұл отбасы мүгедектер санаты бойынша тегін үй кезегіне қойылған. Онымен кезектерінің қашан келетіні белгісіз. Олардың бар үміті қайырымды жандарда. Жылы киім, ас-сумен бөлісемін дегендер болса, отбасы туралы ақпаратты редакциямыздан алуға болады. Айта кету керек, өткен аптада «Протяни руки помощи» қайырымды жандар тобы осы отбасы мүшелеріне азық жеткізіп берген.
Количество показов: 623
Дата создания: 24.11.2022 18:53:44