Ақтөбелік мал өсірушілер субсидия алу талаптарын жеңілдетуді сұрайды
Мал өсіруге бөлінетін мемлекеттік субсидияны алу талаптарын қайта қарастыру керек. Бүгін өңірлік кәсіпкерлер палатасында бас қосқан ақтөбелік шаруалар осындай ұсыныс айтты. Ақтөбелік шаруалардың атынан субсидия мәселесін көтеріп жүрген - "Наурыз-Сим" ЖШС директоры Ибрагим Сәрсенбаев. Оның шаруа қожалығында 3 мың бас қой, 300 жылқы және 300 ірі қара бар. Қожалық жыл сайын мемлекеттен қолдау ақы алады. Елбасының 2016 жылы 60 тонна етті экспортқа шығару керек деген тапсырмасы бар. Ибрагим Сәрсенбаев бұл міндетті орындай аламыз деп отыр. Тек мемлекет субсидия беру талаптарын сәл жеңілдетсе. Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы шаруаның айтқанын қолдайды. Біздің елде мас өсіру үшін бөлінетін субсидияның талаптары тым жоғары. Мәселен, мемлекеттің ақшалай қолдауына ие болуы үшін еншіңізде 600 бас қой, 75 бас жылқы, 400 бас ірі қара мал болуы керек. Бұдан басқа, бүгінгі жиында ауыл шаруашылығы саласындағы кадр жетіспеушілігі мәселесі, тауарды сату қиындығы, етті арзан бағамен өткізу секілді проблемалар талқыланды. |
Количество показов: 2013
Дата создания: 22.02.2014 14:22:03