Ақтөбелік кәсіпкерлер республикалық байқауға дайындалып жатыр
Кәсібін шындаймын дегендер үшін, байқауға қатысу тегін. Тек нарыққа-сапалы, халыққа -қолжетімді бағадағы тауарларды шығарудың тиімді жолдарын ұсынса екен... Кәсіпкерлер палатасына қаржылай қолдау іздеп келгендерге қояр талабымыз осы,-дейді сарапшы Бауыржан Дарқұлов. Ал дәстүрлі кәсіптік байқауға қатысушылардың саны жыл санап артып, сайыс қазір үміткерлер тарапынан үлкен сұранысқа ие. Семинар-тренингті өткізген сарапшылардың ескертуінше "Алтын сапа" кәсіптік жобасы бойынша президенттің жоғары жүлдесін алғысы келетін кәсіпкерлер нарық талабына сай жұмыс істеуі керек. Ал, Мәдина Мұқатова байқаудың қандай кезеңдерден тұратынын жіті түсіндіріп, ол үшін қандай құжаттар дайындау керектігін айтты. Кәсіпкерлерді қолдауға арналған байқау маусым айының аяғына дейін жалғаспақ. Бұл мерзім ішінде үміткерлер өз жобаларын тікелей және онлайн түрде ұсына алады. Алдағы уақытта, облыстық жүлдені қанжығасына байлаған 9 кәсіпорын республикалық байқауға жолдама алмақ.
Количество показов: 1060
Дата создания: 21.05.2019 18:09:51