Ақтөбеге жылу қашан беріледі?
Күздің екінші айының ортасына келдік. Әйтсе де, ақтөбеліктер жылусыз отыр. Биыл коммуналдық мекеме әдттегі ережесінен жаңылғандай. Арухана, балабақша, емханалар мен өзге де әлеуметтік нысандарға жылу 1-қазанда қосылған жоқ. Жылыту маусымына дайындық сәуірде басталып кетті. Жаз бойы құбырлар ауыстырылып, желілер сынақтан өтті. Маңызды маусымға сақадай саймыз деген мекеме әлеуметтік нысандарға жылуды 10-қазан күні қоспақ. Қаламызда 1 874 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 1 538-і орталықтандырылған жылыту жүйесіне тәуелді. 336 үй автономды жылыту жүйесінде. Алайда дайындық паспорттары түгел емес үйлер бар. Тек 1470 тұрғын үйдің құжаты дайын. Ақ жағалылардың айтуынша, қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамту мәселесі бақылауда болмақ. Ал дайындық паспорты жоқ үйлермен жұмыс жалғасады. Өйткені проблема осыдан шығатыны анық. Дені басқару нысаны жоқ үйлер. Ал синоптиктер болса алдағы қыстың қатты болатынын ескертті. Коммуналдық мекеме де, әкімшілік өкілдері де сақылдаған саря аязда ешкім жылусыз отырмайды,деп уәде берді.Количество показов: 261
Дата создания: 09.10.2024 06:21:32