Алыстағы ағайынға көмек ретінде ақтөбеліктер асарлатып жатыр. Кешелі-бері бірнеше мекеме қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударған. Кәсіпкерлер арасынан атымтай жомарттар да бар. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин кеше ғана тағайындаған орынбасары Рахат Сыдықовқа бұл мәселені қадағалап отыруға тапсырма берген. Әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия көрші өңірде жағдай тұрақтанғанша үй-күйсіз қалған ағайынға қажетті көмектің бәрін жеткізетін болады. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты «Nur Otan» партиясы филиалы ғимаратында гуманитарлық көмек бекеті ашылды. Бұл жерде халықтың әкелген кез-келген көмегі қабылданады. Азық-түлік, киім-кешек, шаруашылық заттары. Тек ақшалай көмек қабылданбайды.
Ақшалай көмек арнайы ашылған есеп-шоттарда жиналуда. Аяқ асты үйлерінен айрылған тұрғындарға көмек мұнымен тоқтап қалмайды. Шағын қаланы қалыпқа келтіру мақсатында құрылыс материалдарын сатып алу үшін 20 миллион теңге қаражат жиналуы тиіс. Қаржы кәсіпкерлер және халықтың ықыласымен жиналмақ. Айта кетейік, жергілікті жазғы лагерьлерде Арыс қаласының 100-ге жуық оқушысы тегін демалуы тиіс. Бұл сауапты іске кәсіпкерлер ниет білдірсе күзге дейін мың оқушы қала сыртындағы лагерьлерде тынығуы мүмкін.
Количество показов: 1100
Дата создания: 25.06.2019 18:54:57
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>