Ақтөбеде жылусыз отырған үйлер бар.
Қаланың қақ ортасындағы Марат Оспанов көшесіндегі 58 ші үй тұрғындарының жан айқайына құлақ асар жан табылмапты. Қалалық әкімдіктегілер ескі үйдің мәселесін "Бастама" пәтер иелері кооперативі шешуі тиіс деген. Ала жаздай жертөледегі шіріп кеткен жылу құбырларын ауыстыруға уәде берген кооператив төрағасы да тұрғындардың қоңырауына жауап бермейтін болған.Жылу маусымы басталғанына бірнеше күн болса да бұл үйге әл жылу берілмеген. Жертөледегі тозығы жетіп шіріп тұрған құбырлар әлдеқашан істен шыға бастаған. Жазда тұрғындар барлық құбырларды жаңарту үшін жабылып ақша жинапты. Жаңа құбырларды да сатып алып қойған. Бірақ оны ауыстыратын "Бастама" пәтер иелері кооперативінің төрағасы әне-міне деп жазды өткізгенге ұқсайды. Жылусыз қалған бұл үй 1978 жылы салыныпты. Ғимараттың барлық құбырлары әбден ексірген. Енді мұндағы 180 пәтер түгелдей жылусыз отыр. Балалар ауыра бастады, үйдің іші қара суық. Құбырлар әлі ауыстырылған жоқ, бұл үйден көшіп кеткеннен басқа амал қалмады,- деп налиды ашынған тұрғындар.
Количество показов: 382
Дата создания: 17.10.2023 23:58:37