Ақтөбеде "Жас баланы өлтіру" бабы бойынша сот басталды
Ақтөбеде өз баласын өз қолымен өлтірген әке сотта оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Қатыгез әке сәбиінің еркелігін көтере алмаған. Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Жантүршігерлік оқиға былтыр 23-желтоқсан күні орын алды. 41 жастағы ер адам өз перзентінің мазасыздығын көтере алмай, оны соққыға жыққан. Кейін мәйітті қаладан жырақ жерде көміп тастаған. сәбиді полицейлермен қатар еріктілер де іздеген болатын. Егер айыпталушының күнәсі дәлелденсе ол 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Количество показов: 924
Дата создания: 11.07.2023 03:30:34