Ақтөбеде қызылша өршіп тұр.
Биыл өңірімізде 1225 адам қызылша инфекциясын жұқтырған. Науқастардың 1000 ға жуығы облыс орталығында. Аудандар бойынша Мұғалжар мен Ырғыз аудандары көш бастап тұр. Ал сарқаты асқынып, жағдайы нашарлаған науқастар бірден ауруханаға жеткізілуде.Қоғамдық жерлерге бармау, дұрыс тамақтану,жеке бас гигиенасын сақтау. Бұл қарапайым қағидалар кез-келген инефекциядан сақтануға көмектеседі. Ал қызылшаға дауа бар. Ол вакцина. Әсіресе балаларды кестеге сай егуден бас тартпаған жөн. Өйткені, әлеуметтік осал топқа жататын бүлдіршіндер инфекцияға бейім,-дейді ақ халаттылар.
Оқу жылы басталғалы балалар арасында жедел респираторлық вирустық инфекциялармен қоса қызылша да дендеп барады. Тіпті балабақша тәрбиеленушілерін де кесел айналып өтпеген. Ауруды жұқтыратын да 1 мен 3 жас аралығындағы осал топ дейді мамандар. Қыркүйек айынан бері 2701 оқушы қызылшамен ауырған.
Количество показов: 364
Дата создания: 26.10.2023 19:39:43