Ақтөбеде қызылша инфекциясы өршіп түр.
Обылысымызда қызылша жұқтырған адамдар саны артуда. Оның көбі балалар. Науқастардың дені, ауруға қарсы екпе салдырмаған. Қызылша жылдам таралатын дерт. Ол миға, тыныс алу жолдары мен, өкпеге қатты зақым келтіреді. Мамандар қызылшаның жалғыз емі, вакцина екенін айтып отыр.Сондықтан балаңыздың денесінен қызылшанның алғашқы белгілерін байқасаңыздар, яғни қызу көтеріліп, жүрегі айнып, денесі бөртсе дереу дәрігерге жүгіну шарт. Шілде айынан бері облыста 380 адам қызылша ауруын жұқтырған. Дені балалар. 260 науқастан кесел қан сараптамасы арқылы анықталып отыр. Осы орайда дәрігерлер екпе алудың маңыздылығын еске салады. Аурудан қорғанудың бірден-бір жолы вакцина,-дейді. Дер кезінде вакцина алсаңыз, қызылша жұқтырғанның өзінде ауру жеңіл өтеді. Науқас стационарға да жатқызылмайды. Қызылша - ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ол аурумен балалар жиі ауырады, кейде ересектер арасында кездесіп, ауыр түрде өтеді. Көпшілік қызылшаның бастапқы кезеңін тұмау, жедел респираторлық вирустық індет деп біліп, өздігінше ем қабылдай бастайды. Ал бөртпе шыққан кезеңде аллергиялық аурулармен жиі шатастырады.
Қызылшаны анықтау үшін апта сайын дәрігерлер инфекцияға мониторинг жүргізіп отырады. Шағыммен келген науқасты бірден анализ тапсыруға жіберіп, аурудың алдын алады. Қызылша дерті анықталған жағдайда дәрігерлер бірден ем-домға көшеді.
Количество показов: 440
Дата создания: 23.09.2023 04:42:19