Ақтөбеде қылмыстың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысқан азаматтар марапатталды.
Аслан Бақтығалиев көпқабатты үйден секірмек болған әйел адамды құтқарып қалған болатын. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйел сол түні мас болған. 40 жастағы азаматша көп қабатты үйдің 5ші қабатынан секіруге оқталған. Алайда, оның бұл ойы жүзеге аспады. Есін білмеген әйелді 26 жастағы жігіт құтқарып қалыпты. Бүгінгі күннің батыры "Казхром" транс ұлттық компаниясында жұмыс істейді. Отбасы бар. Әке. Ол сол түні сырттан айқайлаған ащы дауысты естігенін айтады. Терезеден қараса, жоғарғы қабаттан ілініп тұрған әйелді көріпті. Дереу құтқаруға кірісіп, әйелді аяғынан тартып үйіне кіргізіпті. Дәрігерлер келгенше алғашқы көмек те көрсеткен Аслан Бақтығалиев. Ал Индира Үмбетова да бүгін ішкі істер органдарының марапатына ме болды. Ол қауіпті оқ-дәрі тауып, үлкен апаттың жолын алды. Ауласын жөндеп жүріп жер астынан снаряд оғын тауып алған. Балдарын алшақтатып, дереу учаскелік полицияға хабарласыпты. Полиция қызметкерлері жедел жетіп, тексеріс барысында ол оқтың снаряд екенін анықтйды. Индира Үмбетованың осы үйге көшіп келгеніне жылдан асқан. Ауласына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүріп "Қауіпті олжаға" кенелгенін айтады. Әйелдің бұл әрекетін полицейлер ерлекке бағалап, алғыс білдірді. Құқықбұзушылықтың алдын алып, қылмысқа жол бермеген азаматтар елеусіз қалмайды. Өйткені олар бүгінгі күннің батырлары,-дейді тәртіп сақшылары. Осындай ерлігімен көзге түскен 68 ақтөбелік биыл департамент тарапынан марапатқа ие болған. Сегіз адам қылмыстың ашылуына септігін тигізсе, 264 қарапайым тұрғын әкімшілік құқықбұзушылықты ашуға көмектесіпті. Тұрғындардың бұл белсенділігіне полицейлер дән риза. Көп болып, өңірдегі қылмыстың санына азайтамыз деген сенімде.Количество показов: 379
Дата создания: 14.10.2023 02:44:51