Ақтөбеде тағы бір "Қазпошта" бөлімі жабылмақ
Егде жастағылар үшін пошта бөлімшесі маңызды әрі қажетті нысандардың бірі. Мұнда қариялар несие, коммуналдық қызметтер үшін ақы төлейді, зейнетақыларын, жәрдемақыларын алып отырады. Сондай-ақ, хаттар мен сәлемдемелерін де осы жерден жолдайды. Зейнеткерлердің 80 пайызы мерзімді басылымдарды поштадан алып отыратындарын айтады. Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан "Қазпоштаның" №10 шы филиалы жабылмақ. Осы маңда тұратындарға Космос аялдамасына баруға кеңес берілген немесе Абай даңғылында орналасқан бөлімшеге баруға болатындарын айтыпты. балтыры сыздап, тізесі ауыратын қариялар үшін жолдан өтудің өзі мұң. Қазпошта басшыларының айтуы бойынша, бөлімше жабылмайды. Тек ықшамдалады. Пошта картоматы мен жәшіктер осы бөлімшеде қалады. Әйтсе де, жаңа технологияны игермеген қариялар үшін ыңғайлысы ақшаны қолма-қол алу. Дені осы маңайда тұрып жатыр. Пошта байланыс бөлімшелерін жабу туралы шешім қабылдауға ең алдымен, мекеменің кіріс көрсеткіші әсер етеді, бұл жағдайда жабылуы жоспарланып отырған бөлімше орналасқан аудан халқының саны да ескеріледі. Қала бойынша 20 ға жуық Қазпошта бөлімшесі бар. Мамандардың айтуынша әр бөлімшені ықшамдау үшін, алдын-ала анализдер жүргізілген. Содан кейін барып, оның орнын ауыстыру туралы шешім қабылданған.Количество показов: 501
Дата создания: 03.10.2023 01:50:27