Ақтөбеде тұрғын үйге найзағай түсіп, техникалары өртеніп кеткен.
Қыркүйек айында жауған толассыз жауын мен найзағай салдарынан бүтіндей бір үй зардап шеккен. Найзағай көп қабатты ғимараттың қабырғаларын жарған. Кейін тоқ разряды сымдар арқылы өтіп, бірнеше пәтердің техникасын істен шығарған. Қазір бірнеше пәтерде теледидар, тоңазытқыш пен өзге де тұрмыстық техника күйіп кеткен. Жай түскен күні тоғыз қабатты ғимараттың лифті де істен шықса керек. Тұрғындар бір айдан бері жаяу мініп түсуге мәжбүр. "Адал қызмет" серіктестігі оқиғадан хабардар. Әйтсе де әрекет етуге жоқ,-деп налиды жұрт. Жеделсатының сынуы әсіресе жоғарғы қабатта тұратындар үшін мұң. Үй "Адал қызмет" ЖШС балансында. Тұрғындар ай сайын осы мекемеге 2500 мен 3500 теңгенің аралығында ақша аударып отырады. Жеделсатыға да жауап беретін аталмыш серіктестік. Әйтсе де, құзырлы мекеме оқиғаға қатысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.Количество показов: 401
Дата создания: 16.10.2023 23:32:07