Ақтөбеде тұрғын үй бағасы арзандай бастады
Ақтөбеде тұрғын үй бағасы арзандай бастады. Мамандардың айтуынша, баға орташа есеппен 15%ға төмендеген. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің бағасы орташа есеппен - 270-300 мың теңге. Мамандардың болжамынша, баға күзге таман қайта қымбаттауы мүмкін. Аружан Аманжолова тарқатады. Бүгінде қолжетімді баспанаға қол жеткізу тұрғындар үшін өзекті мәселе. Баспаналы болу үшін бірі банктен 20-30 жылға несие алса, енді бірі қомақты сомма жинауға тырысады. Қаладағы баспана сатумен айналысатын агенттіктердің бірі өңірде пәтер бағасы сәл арзандағанын айтады. Десе де сату менеджерлері алдағы уақытта баспана бағасының қайта көтерілуін болжап отыр. Тұрғын үй бағаларының мың құбылуы - үйреншікті жағдай. Сол үшін үйлі болғысы келетін жандар нарықтағы бағаны аңдып отыруға мәжбүр. Ал тұрғын үй халыққа қол жетімді болу үшін арзан ипотека қолжетімді болуы шарт. Сонымен қатар, елде құрылыс материалдарының өндірісі еселеп артса жақсы.Количество показов: 837
Дата создания: 14.06.2023 06:05:00