Ақтөбеде суға түсу маусымы басталды
Ақтөбеде суға шомылу маусымы басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары өзенінің жағасында тамаша демалыстарын бастап та кетті. Судан құтқару қызметкерлері демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, суға жүзу ережелерімен таныстырды. Өңірімізде суға түсуге рұқсат етілген 67 орын бар. Су, ыстық құм, жарқыраған күн. Демалушылар үшін бұдан артық ештеңе жоқ шығар. Алайда демалыс маусымы үнемі сәтті бола бермейді. Белгіленбеген жерге суға түскендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Статистикалық деректер қайғылы оқиғаның дені демалыс күндері және рұқсат етілмеген орындарда болатынын көрсетті. Сондықтан тәртіп сақшылары мен құтқарушылар патруль санын арттырып, елге ескерту айтуды жедел қолға алған.Рейдке 200-ден аса құтқарушы мен 135 полиция қызметкері, 60-қа жуық ерікті қатысты. Сондай-ақ, 5 тәртіп сақшысы жағажайды атпен аралап, демалып жүрген тұрғындарды қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Тұрғындарға суға түсу кезіндегі ережелерді түсіндіріп, үнпарақтар таратты.
Облыстық ТЖД күні кеше ғана "Біз біргеміз" атты еріктілер тобымен меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі рейдте еріктілер тобы да төбе көрсетті. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл қатар мектептің дене шынықтыру мұғалімдерімен толығатын болады. Тұрғындарға қауіпсіздік ережесіне енжар қарамай, қауіптің алдын алған жөн. Құтқарушылар, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Суға мас күйінде баруға да тиым салынады.
Количество показов: 949
Дата создания: 02.06.2023 03:36:58