Ақтөбеде скутер мінген 16 жастағы бала қаза тапты
Ақтөбеде скутер жүргізіп келе жатқан бала жол апатынан қаза тапты. Оқиға 31-мамыр күні болған. Жангелдин және Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан. Скутерді 16 жастағы бала басқарған. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбеде мотокөлікпен болған апаттар толастамай тұр. Өткен аптада ғана мопедті тізгіндеген 16 жастағы бала жеңіл көлікпен соқтығысып, ауруханаға түскен болатын. 30-мамыр күні жасөспірім балалар аураханасында көз жұмды. Осы ретте, тәртіп сақшылары жол-жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек.Количество показов: 881
Дата создания: 02.06.2023 03:36:12