Ақтөбеде үшем дүниеге келді
Ақтөбе халқының саны бүгін үшеммен толықты. Бақытты ата-ана- Руслан мен Надежда Байсаевтар. Үшемді өмірге әкелген Надежда көп балалы ана атанды. Надежда мен Руслан Байсаевтардың үшемнен бөлек 12 жастағы Екатерина, 4 жасар Георгий есімді ұл-қызы бар. 33 жастағы келіншек босану бөлімшесіне бүгін күндіз түскен. Айы-күні жеткен Надежда өз күшімен босаныпты. Байсаевтар отбасы бір ұл екі қызбен толықты. Шәмілдің салмағы- 3 келі, ал қарындастары 2 келі 800 және 2 келі 600 грамм. Бұл жағдай дәрігерлердің өзін таң қалдырды. Өйткені, үшем немесе төртемге аяғы ауыр келіншектерді кесір тілігінсіз, отасыз босандыру жағдайлары- өте сирек, дейді ақ халаттылар. Надежда бөпелерімен арнайы босану палатасына орналастырылған. Заманауи үлгіде жабдықталған палатада ана мен балаға қажеттінің бәрі бар. Арнайы қондырғы арқылы сәбилердің тыныс алуы, дене температурасы қадағаланып отырады. Дәрігерлік көмек- тегін. Надежда дүкенші, отағасы құрылысшы болып еңбек етеді. Бір сәтте көп балалы отбасына айналған Байсаевтар қалада тұрғандарына біраз уақыт болса да, жеке баспаналары жоқ. Пәтер жалдап, күн кешуде. |
Количество показов: 1847
Дата создания: 03.04.2014 18:53:53