Ақтөбеде үш жақты келісімге қол қойылды
Ақтөбеліктерді лайықты жұмыспен қамтамасыз ету, жалақыларын уақытында төлеу, жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін сақтау. Бүгін қалалық әкімдік, облыстық кәсіподақ ұйымы мен жұмыс берушілер бірлестігі өкілдері осы талаптарды қамтитын үш жақты келісімге қол қойды. Осыған ұқсас келісім-шарт бұдан үш жыл бұрын, 2010-2012 жылдарға есептеліп жасалған. Жаңа 2013 жыл басталғалы ол келісім күшін жойды. Ескі құжаттың тындырған шаруасы көп. Біраз кәсіпорын жұмысшылары алдындағы бережағын қайтарды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ділжановтың айтуынша, үш жылдың ішінде бұл меморандумға 670 кәсіпкер қосылған. Мекемелерде жаппай ұжымдық келісім шарттар жасалды. Жаңа келісімнің бұрынғысынан артықшылығы- оған маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттар енгізілген. Мәселен, жұмыс берушілер мүгедектерге, түзету орындарынан шыққан азаматтарға және интернатта тәрбиеленген түлектерге тиесілі 3 пайыздық квотаны орындауға міндетті. Қалалық әкімдік, облыстық кәсіподақ ұйымы мен жұмыс берушілер бірлестігі өкілдері көп созбай, осы талаптарды қамтитын үш жақты келісімге қол қойысты. Бастысы - жалықының кешіктірілуі болмасын, деп қадап айтты қала әкімі уағдаласқан тараптарға. |
Количество показов: 2414
Дата создания: 05.03.2013 18:51:17