Ақтөбеде семіздер көбейді
Қалада етжеңділер қаптап барады. Әсіресе ер азаматтар артық салмақтан арылуға құлықсыз. Бұл жағдай дәрігерлерді де алаңдатып отыр. Семіздікке шалдығу көрсеткіші жағынан өзге өңірлердің алдына шығып кетіппіз. Біреулер үшін диета ұстап, кешкі сағат алтыдан кейін тамақтан тартыну - тек қыз-қырқынның ғана еріккендегі ермегі болып көрінуі мүмкін. Алайда, жағдай біз ойлағандағыдан да күрделі болып шықты. Артық салмақ қыз-келіншек емес, дәл қазір ерлерге қауіп төндіріп тұр. Жасы отыздан аспай жатып, қозықарын жіберетін жігіттер денсаулығы үшін қазірден бастап алаңдауы керек дейді, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Сабыр. Сандарды сөйлетсек, өзге өңірлердің арасында артық салмақ жағынан көш бастап келеміз. Мысалы республика бойынша тұрғындардың жалпы санының 32 пайызы семіздікке ұшыраса, бұл көрсеткіш бізде - 34 пайыз. Етжеңді ерлер - ауылдан гөрі, қалада көп. Ауылдағы тұрғындардың 18 пайызын ғана артық салмақ алаңдататы. Себебі де-белгілі. Ауылдағы азаматтар қаладағы кеңсе қызметкерлеріне қарағанда көп қимылдайды, дене еңбегімен айналысады. Мұны облыстың бас дәрігерінің өзі де мойындайды. Соңғы уақытта қыз өсіріп отырған ата-ананы алаңдататын жайт - жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы егу жұмыстары. Павлодарда екі бірдей мектеп оқушысының екпеден кейін жансақтау бөліміне түскенін естіген ата-аналардың шошып қалғаны бар. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Сабыр екпеден бас тартпаған жөн дейді. Себебі, папиллом вирусы немесе жатыр мойны ісігінен Қазақстанда жыл сайын 1500 әйел көз жұмады екен. |
Количество показов: 2553
Дата создания: 31.10.2013 18:51:29