Ақтөбеде салық органдарының мамандары шетел азаматтарының бизнесіне кедергі келтірген
Ақтөбеде салық органдарының мамандары шетел азаматтарының өңірде бизнеспен айналысуына кедергі келтірген. Жүк көлігін тасымалдау мен және химиялық өндіріспен айналысатын азаматтар заңды тұлға ретінде ай сайын салық төлеп отырған. Бюджетке түскен жалпы сома 100 млн теңге. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары кәсіпкерлерден бизнес виза талап еткен. Тексеру барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері салық органы мамандарының бұл әрекетін негізсіз деп таныды. Аталған азаматтарды тіркеу үшін бизнес визасы қажет емес.Количество показов: 937
Дата создания: 16.06.2023 17:00:28