Ақтөбеде салқын сусын шығаратын зауыт іске қосылды
Ақтөбеде сағатына 20 мың бөтелке сусын өндіретін ірі зауыт іске қосылды. Алматылық серіктестік салған зауытта енді энергетикалық, алкогольсыз сусындар, салқын шәй, лимонадтар шығарылатын болады. Зауыттың құрылысына бір жарым млрд теңге қаржы жұмсалған. Бүгін іске қосылған жаңа кәсіпорында 200-дей адам жұмыс істемек. Бүкіл батыс өңірін салқын сусындармен қамтитын бұл зауыт жұмысын сәуір айында бастаған. Өндіріс сағатына 20 мың бөтелке таза су, түрлі сусындар шығаруға қауқарлы. Зауыт директоры Алексей Мироновтың айтуынша, құрылғылардың барлығы Германиядан жеткізілген. Заманауи құрылғыларды басқаруды жұмысшыларға үйрету үшін арнайы мамандар сол мемлекеттен шақыртылыпты. Ал шынылар әзірге Ресейден тапсырыс арқылы алынады. |
Количество показов: 2181
Дата создания: 31.10.2013 18:52:52