Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы
Ақтөбеде сұйытылған газ мәселесі шешілер емес. Көгілдір отын бекеттерде талонмен беріліп жатыр. Оның өзіне ұзын-сонар кезек. Көлік жүргізушілер сұйық отын таппай сенделіп жүр. Ал ресми органдар болса, тамыз айында министрлік біөдің өңірге 12.461 тонна газ бөлгенін айтады. Қазіргі таңда жалпы көлемі 9.100 тонна газ жеткізілді. Ал, бекеттердегі газ тапышылығының себебі- қалдық көлемінің қалмауына байланысты,- деп түсіндірді бөлім басшылары.Авто газ құю бекеттеріндегі газ тапшылығына орай қосымша көлемдер бөлінуде. Ол автогаз құю бекеттерін қалыпты жұмыс жағдайына келтіру мақсатында бөлініп жатыр. Содан кейін жағдай тұрақталады деген ойдамыз,- деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының мамандары.Количество показов: 270
Дата создания: 22.08.2024 05:20:59