Ақтөбеде облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Ақтөбеде 73 адам психикалық денсаулық орталығында ем қабылдай алмай отыр. Өйткені ғимарат тұруға жарамсыз. Жылыту қазандығы да дайын емес. Науқастарға арналған мекемеде әкімшілік мамандары отыр. Бұл мәселе тез арада шешілуі тиіс, -дейді кеңес мүшелері. Бюджеттен қыруар қаржы алып, әйтсе де оны егере алмай отырған мекемелер бар. Мәселен, Қарғалы аудандық ауруханасының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Құрылыс материлдары қымббатап, нысанды тапсыра алмай жатыр.Бүгінгі кеңеске арқау болған мәселелердің бірі де осы әлеуметтік нысан. Қоғамдық кеңес мүшелері облыс бюджетінің жайымен танысты. Игерілмеген қаржы бар. Қоғамдық кеңес мүшелері шенеуніктерді бюджет қаржысын мақсатты жұмсап, жоспарланған жұмыстары уақытында тапсыруға шақырды.Количество показов: 574
Дата создания: 16.10.2023 23:35:18