Ақтөбеде «Мен кәсіпкер» мемлекеттік қолдау құралы жүзеге асырылып жатыр
Ақтөбеде «Мен кәсіпкер» мемлекеттік қолдау құралы жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай өңірлік кәсіпкерлер палатасы Қарғалы, Қобда және Ойыл аудандарында шағын көрмелер ұйымдастырып, кездесулер өткізді. Бұл жоба шеңберінде кәсіпкерлер ақпараттық-сараптамалық және сервистік қолдау қызметтерін ала алады. Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау құралы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылып жатыр. Жоба 3 бағыттан тұрады. Алғашқысы - "Кәсіпке бағыт". Жоба аясында кәсіпті жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген жандар әлеуетін арттыру мақсатында тегін оқытудан өтеді. Жобаға өтінім ағымдағы жылдың 31- желтоқсанына дейін қабылданады. “Мен кәсіпкер” мемлекеттік қолдау құралының екінші бағыты - әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары. Оның аясында азаматшаларға ақыл-кеңес беріліп, инвестиция тарту үйретіледі. Жыл басынан бері өңірімізде “Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығын” 116 нәзікжанды таңдап, өтініш беріпті. Ал, үшінші бағыт ауыл тұрғындарына арналған. Ол жапон тәжірибесіне сәйкес әзірленіпті. "Бір ауыл- бір өнім" атты бұл бағыт ауыл тұрғындарын бизнеске тарту және қажетті өндірістерді ашуды көздейді.Количество показов: 651
Дата создания: 16.05.2023 07:37:52