Ақтөбеде медиаторларға арналған семинар өтті
Қазақта "дау мұраты – біту" деген сөз бар. Бүгінде медиациямен дауды шешу- өмір талабы болып тұр. Медиация қызметі азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастарға, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға,әкімшілік сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларға қолданылады.Медиация рәсімінің сот жұмысына берер пайдасы өте көп. Медиацияда міндетті қағидаттардың ішінде еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық тәрізді нәрселерге жіті мән беріледі. Сот жанындағы медиаторлар адамдар әр түрлі даумен келеді алдымызға. Көбіне ерлі-зайыпты арасындағы ажырасу, алимент мәселесі көп дейді.Жалпы, медиацияның негізгі мақсаты – бітім. Медиация – дауларды реттейді. Үшінші тарап ретінде қатысатын медиатор дауласушы тараптардың белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі. Сондықтан осындай семинарларда жаңа әдістерді үйренеміз, білімімізді артырамыз, екі тарапты ортақ шешімге келтіру оңай емес. Сондықтан жаңа ілім бізге артық болмайды дейді жиынға қатысушылар.
Количество показов: 279
Дата создания: 16.08.2024 09:04:42