Ақтөбеде мұнайшылар спартакиадасы өтті
Ақтөбеде мұнайшылар спартакиадасы өтті. Дәстүрлі жарыста 450 қызметкер сынға түсті. Спартакиада биыл Қазақстан мен Қытай әріптестігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Додаға "СНПС- Ақтөбемұнайгаз» АҚ- ның 13 филиалы қатысты. Бала мен әке, анасы мен қызынан құралған командалар сайысы үш күнге созылды. Жарыстың мақсаты-компания қызметкерлері арасында ынтымақтастық орнатып, салауатты өмір салтын насихаттау. Отбасылық эстафетаға Әлиевтер жанұясының алғаш қатысуы. Отағасы тәртіп сақшысы. Жарысқа жұбайын қолдауға келіпті. Ақтілек Әлиева-акционерлік қоғамның Жаңажол кен орнында оператор. Алдымен әкесі, кейін анасы, соңында баласы жүгіріп мәреге бірінші болып жетті. Әлиевтер отбасының жеңіске деген ұмтылысы зор. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясы қызметкерлері үшін спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасаған. Акционерлік қоғамның өз стадионы, жаттығу залдары бар. Мұнайшылар жұмыстан тыс уақытта дене шынықтырумен айналысады. Бұл мұнайшылар арасында өтетін дәстүрлі дода. Жарысқа дайындалуға уақыт беріледі. Командалық спорттық костюмдер мен қатысушыларға сыйлықтар да басшылық тарапынан. Ал жеңімпаздар бен жүлдегерлерге қомақты сыйақы бар. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған. Мұнайшылар жарысқа кішкентай балалары мен егде жастағы ата-аналарын да тартқан. Олар үш күн бойы волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, асық ату, армрестлинг, гір көтеру мен арқан тартудан сынға түсті. Кәсіпорынның әр құрылымынан жиналып, намысты қолдан бермеуге бар күш-жігерін салды.Количество показов: 629
Дата создания: 16.09.2022 18:07:34