Ақтөбеде ұлттық ат спорт түрлері жандануды
Бәйге десе ішкен асын жерге қоятын қалың қауым бүгін ипподромға жиналды. Мұнда ат спорты кешенінің ашылуы өтті. Бір жарым мың гектар аумақты алып жатқан нысан керек-жарақтың бәрімен қамтылған. Трибуна сыйымдылығы 250 көрермен. Сәйгүліктер шабатын жолақпен қатар мұнда екі манеж орналасқан. Онда жылқылар бой қыздырып немесе жарыстан кейін тұяқ суытады.Ат спорты мектебін өңір басшысы аралап көрді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 пайызы дене шынықтырумен айналысып, бұқаралық спортқа тартылуы қажет деген міндеті тұр. Архимед Мұхамбетов облыста осы орайда қарқынды жұмыс жасалып жатқандығын атап өтті. Жаңа ат спорты мектебі де әмбебап. Мұнда балалар мен жасөспірімдер ат спорты түрлерінен бөлек қазақша күрес, тоғызқұмалақ үйірмелеріне қатыса алады. Кешенді тұрғызуға қалалық бюджеттен бөлінген 294 миллион теңге жаратылған. Жалпы былтыр қалада 17 спорт алаңы пайдалануға берілді. Мұ сарайының жобалық-сметалық құжаттары әзірлік үстінде. Ол «Батыс-2» ауданында салынады. Мұз сарайы пайдалануға берілгеннен бастап өңірде хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, керлинг және басқа да қысқы спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік туады. |
Количество показов: 2171
Дата создания: 14.01.2014 19:43:03