Ақтөбеде кей бекеттерде газ талонмен беріліп жатыр.
Тургенов көшесіндегі мына жанар май бекетінде газ құйып алып жатқан жүргізушілер көрінбейді. Мұнда газ тек қана талонмен берілетін болған. Жанар май бекетінің қожайынымен телефон арқылы тілдескенімзде, ол әкімдіктен газ ала алмай отырғанын жеткізді. Ал, әкімдіктегілер сұйық отынынң қоры өңір бойынша жеткілікті деп отыр.4ші тоқсан бойынша өңірде газ тапшылығы байқалмаған. Энергетика инистрлігінің бұйрығымен қазан айында облысқа 12719 тонна , желтоқсан айына 13325 тонна газ бөлінген. Облыстық энергетика басқармасының басшылары соңғы екі айда өңірдегі газ құю бекеттеріне Үкіметтен 1700 тонна сұйытылған газ артығымен бөлінгенін айтады. Сондықтан әкімдіктегілер облыс аумағында газ тапшылығы сезілмейді деп отыр. Энергетика министрлігінің бұған дейінгі мәлімдемесі бойынша республика аумағында ішкі нарықта сұйытылған газдың бағасы тоннасына 40320 теңге болып бекітілген болатын. Бүгінде облыс аумағында газ құю бекеттері толық жұмыс істеп тұр. Литрі үшін бағасы 54-59 теге аралығында. Облыста 200 ге жуық газ құю бекеті бар. Оларға газ тасымалдау жұмыстарында еш кедергі жоқ, дейді құзырлы органдар.
Количество показов: 557
Дата создания: 03.11.2023 01:41:05