Ақтөбеде ITF сериясындағы турнир өтіп жатыр
Қаламызда халықаралық теннис турнирі жалауын көтерді. Жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын бәсекеде 11 елден, 46 теннисші бақ сынап жатыр. Мұндай дода қаламызда осымен екінші рет өткізіліп отыр. Теннисшілеріміз Словакия, Италия, Ресей, Эстония, Белоруссия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Грециядан келген ракетка шеберлерімен бәсекеге түсіп, еліміздің намысын қорғайды. Диас Досқараев жаттықтыратын біздің құрамада Евгений Королев, Тимур Хабибуллин, Денис Евсеев секілді 12 үздік бақ сынап жатыр. Ал Ақтөбеден Константин Баранов пен Дан Дейчер бәсеке көрігін қыздыруда. Бәсеке фавориттерінің бірі Евгений Королев. Ол Ақтөбенің кортында былтыр да ойнаған. Теннис сүйерлер үшін айте кетейік, бәсеке дүйсенбі мен жұма аралығында өтеді. Турнир наурыздың 16-сында мәреге жетпек. |
Количество показов: 2122
Дата создания: 26.02.2014 18:38:53