Ақтөбеде еріктілер жолдың проблемалық учаскелеріне мониторинг жүргізді.
Батыс-2 ауданы бойынша ұзындығы 5 433м автомобиль жолы, тротуарды, жарықтандыруды, жол белгілері мен бағдаршамдарды салуға бюджеттен 1,9 млрд бөлінген. Мердігер құрылыс жұмыстарын 2018 де бастаса да, кемшілік көп. Жолдар бар, ал суағарлар салынбаған. Жабыр жауса аудан тұрғындары су кешіп, балшыққа бататыны да осыдан. Ал кей көшелерге жарық орнатылмаған. Батыс-2 ауданындағы құрылыс жұмыстарына "Прогресс KZ" серіктестігі жауапты. 2018 жылдың қазан айында кіріскен жұмысқа. 1 жыл бұрын барлық нысанды тапсырған. Мониторингтік топтың мүшелері жұмыс шала деп отыр. Өйткені кей көшеге жарықшам орнатылмаған. Жоспарланған суағарлар да жоқ. Көшедегі жарықтың болмауы ата-аналар үшін алаңдатушылық туғызады, себебі бұл ауданда жол қозғалысы күрделі әрі көліктен тыным жоқ. Батыс-2 ліктер балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы. Қоғамдық мониторинг қортындысы бойынша, барлық кемшіліктер тіркеліп, тиісті ұсыныстар берілді. Олқылық жойылғанша мәселе облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің бақылауында болады.Количество показов: 393
Дата создания: 11.10.2023 20:16:23