Ақтөбеде дін өкілдері бас қосты
Жиын барысында қыркүйек айында Қазақстан өз жерінде өткізген "Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII-ші съезінде" көтерілген маңызды мәселелер талқыланды. Діни бірлестіктер арасындағы қатынасты күшейту, қоғамның бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету талқыланды. Әсіресе әлеуметтік желідегі ашықтан-ашық қозғалып жүрген дін тақырыбына абай болу қажеттігі ескертілді. Дін тақырыбында жазатын, сөйлейтіндердің парақшалары бақыланады. Қазақстанның ұраны- татулық, береке-бірлік, тыныштық. Біздің ел келісім мен бейбітшілікте өмір сүргенді қалайды. Тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатқан ұлттар мұны жақсы білуі тиіс. Қазақстан ұстанатын ислам діні дауласқанды жарастырғанды құп көреді. Бір-біріңе көмектесіп өмір сүрген әрдайым ынтымақта болады деп есептейді. Бұл құран аяттарында да жазылып қойылған. Форумға Атырау, Ақтау, Орал қалаларынан келген діни бірлестіктер өкілдері де қатысты. Ақтөбе және Қызылорда Епархиясының епископы Игорь Сидоренко, "Өмір бұлағы" христиандық- інжілдік елуліктер шіркеуінің басшысы Айдар Еспаев православтық шіркеулердің жұмысы тақырыбында әңгімелер қозғады. Форум соңында қатысушыларға Ақтөбе облысының діни бірлестіктері мен діни ғимараттары туралы жазылған кітапша таратылды.
Количество показов: 646
Дата создания: 13.10.2022 20:14:21