Ақтөбеде биыл 600ге жуық бала полиция есебіне алынған.
Полиция тәртіпке бағынбаған жасөспірімдерге арнайы шара да қолданудан да қалыс қалған емес. Жыл басынан бері полиция бөлімдеріне 5374 бала жеткізіліп, 254 ата-ана әкімшілік жазаға тартылған. 600 ге тарта кәмлеттік жасқа толмаған баланы полиция есепке алды. Өткен жылғымен салыстырғанда жасөспірімдер арасында орын алған тәртіп бұзушылық 45 пайызға өскен. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық деректерін азайту үшін Заң интитутының оқытушылары студент жастармен кездесу ұйымдастыра бастапты. Мұндай кездесулерде полицейлер тәртіп бұзған жеткіншектерге қандай шаралар қолданылатынын түсіндіріп жүр. Себебі тәртіп сақшылары оқушылар мен студенттер заң талаптарын біле бермей, қылмыстық істерге баруы мүмкін, деп отыр.Жеткіншектер арасында ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыс түрлері көбейіп отыр. Түн ортасына дейін көше кезіп жүретін жастарға тыйым болмай келеді. Сондықтан мектептер мен оқу орындарының басшыларымен бірігіп жұмыс істей бастадық. Әлеуметтік желідегі өз-өзіне қол салуды насихаттайтын ақпараттардан жеткіншектерді арашалап қалу үшін де полицияның атқарар жұмысы аз емес, дейді тәртіп сақшылары.
Количество показов: 334
Дата создания: 20.11.2023 21:56:27