Балаларды 1-сыныпқа қабылдау тамызға дейін жалғасады
Ақтөбеде балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жүріп жатыр. Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 11353 бала қабылдау жопарланған. Оның ішінде балалардың 70 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау толығымен автоматтандырылған. "1-сыныпқа қабылдау Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ақтөбеде қазір 99 мектепке 1-сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Ал қаладағы 4 бірдей гимназияға оқушы қабылдау тоқтатылды. Орын жоқ, дейді білім бөліміндегілер. Шаһарымызда барлығы 101 орта білім беру мектебі бар. Оның 85 і мемлекеттік, екеуі кешкі мектеп. Қалғаны жеке-меншік білім ошағы. Қазір 7852 бала бірінші сыныпқа қабылданған. Оның 5351-і қазақ сыныбына. Өтініш қабылдау тамыз айына дейін жалғаспақ.Количество показов: 873
Дата создания: 16.06.2023 16:59:10