Ақтөбеде "Бөгет" тактикалық оқу-жаттығулары өтті.
Бүгін Ақтөбе су қоймасында аумақтық әскерлер бригадасының "Бөгет 2023" тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өтті. Бұл шарада әскери қимылдың іс-әрекеттері пысықталды. Айта кетейік, аумақтық қорғаныс әскерлері Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және коммуникацияларын қарсыластың әрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғауы тиіс. Сап түзеген аумақтық әскерлер бригадасының жасақтары үшін бұл аса жауапты тапсырма. Олардың арасынан арнайы жасақтың құқрамындағы 8 адам ең күрделі арнайы операцияға аттанды. Қаруланған қарақшылар қарсылық танытып бақты. Қылмыскерлерді ұстау операциясы кезінде екі жақтан да адам шығыны болды. Дала командирі мен белсенді әскери қызметкерлер көз жұмды. Бұл оқу-жаттығу кезіндегі тәжірбиелік әрекеттерді әскерилер ойдағыдай орындап шықты. Бөгет-2023" тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы кезінде жауынгерлердің іс-қимылы ғана емес, әскери құралдардың қолданылу деңгейі де сыннан өтті. Жауынгерлер су бетінде моторлы қайықты пайдаланудың қыр-сырын меңгергендіктерін көрсетті. Үш топқа бөлінген жасақ сарбаздарының арасында жаяу әскер қызметінің жауынгерлері де болды.Количество показов: 376
Дата создания: 20.09.2023 03:49:06