Ақтөбеде азық-түлік тағы қымбаттады
Көкөніс пен жеміс-жидек бағасы сәл арзандаған. Бұл маусымыдқы құбылыс екені анық. Ал әлеуемттік маңызға ие тағам түрлері қымбат. Жалпы мұндай азық-түлік тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпаратты статист мамандары жариялады.Азық-түлік бағасы тағы шарықтай жөнелді. Әсіресе шағын дүкендерде баға аспандап тұр. Бір айлыққа қарап жан бағып отырған тұрғындар нарыққа ызалы. Облыстық статистика департаменті мамандарының дерегінше осы аптада Ақтөбеде жұмыртқа бағасы-1,6 % қымбаттаған. Мәселене, шағын дүкендерде жұмыртқаның 10 ы 580 теңгеден саудалануда.
Тұрғындардың айтуынша айлығымыз шайлығымыздан артылмайды. Толық тамақтануға қалтамыз көтермейді, сондықтан үнемі айдан айға жету үшін үнемдеуге тура келеді. Тұрғындар тіпті ет жеуден де қалып барамыз,-дейді. Себебі бәрі қымбат. Күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасы өсіп отыратыны белгілі. Бір отбасының қалтасы көтерсе, басқасы тек күнделікті өздеріне қажетті ғана азық-түлікпен шектеледі. Мысалы қазір дүкен сөрелерінде күріштің орташа бағасы 560тан 700 теңгеге дейін болса, сүттің бағасы 500ден 1000 теңгенің аралығында.
Количество показов: 393
Дата создания: 22.09.2023 01:29:12