Ақтөбеде айлық ала алмай жүрген имамдар бар
Амантаев Садиевтің есімі Ақтөбе жамағатына жақсы таныс. Дін қызметкері 2017-2020 жылдары аралығында шаһарымыздың ескі бөлігінде орналасқан қалалық мешітті басқарды. Алматы ислам университеті, "Нұр-Мүбәрак" университетінің түлегі, Түркияда құран курсын оқыған. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен енді ол Ақтөбе облысының бас имамы қызметін атқарады. Бұған дейін Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында бас имам болған. Бүгін ол алдағы жоспарларымен бөлісті. Мәселен, "Нұр Ғасыр" мешіті 16 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жаңбыр жауса, төбесінен су ағады. Жарының сылағы кеткен. Ғимараттағы жеделсаты да істемей тұр. Алланың үйін қалыпқа келтіру үшін 16 млн. теңге қаражат керек. Алайда мешіттер бюджеттен қаржыландырылмайды. Бар үмітіміз демеушілер мен жамағатта, дейді бас имам. Өңірімізде жоғары білімді 147 имам бар. Шалғай жердегі 90 имамға ғана бас мүфтияттан 80.000 тг айлық төленіп отыр. Облыс әкімінің қолдауы бар. Еңбек биржасы арқылы жағдайы төмен имамдарға қосымша 70.000 тг жалақы төленетіндігін тілге тиек етті. Алайда , өңірімізде мешіт қызметкерлеріне жалақы төлемек түгел, коммуналдық төлемдерді өтей алмай отырған мешіттер бар. Мәселен, өңірдегі 68 мешіттің 18 ғана өз күнін көріп отыр. Қалғандарының жағдайы мүшкіл.Количество показов: 302
Дата создания: 01.10.2024 06:09:51