Ақтөбеде "Қарызсыз қоғам" жобасы жүзеге асырылып жатыр.
"AMANAT" партиясының бастамасымен қолға алынған "Қарызсыз қоғам" жобасы қоғамда қарызға белшесінен батып, несиеден несие алып жүргендердің қаржылай сауаттылығын арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Статистикаға сүйенсек, жобаға қатысушылардың 70 % - ға жуығы несиеcі бар адамдар. Оның ішінде 1 несиесі бар 2984 адам, 2 несиесі бар 1101 адам, 3 және одан да көп несиелері бар 985 адам тегін курста білім алып жатыр. Сондай - ақ, несиенің төлем уақытын 90 күннен асырып, төлемеген 349 адам жобаға қатысты. Оларға қаржылай сауаттылық туралы білім беріліп, табатын табыстары мен шығынының реттілігі түсіндірілді."Қарызсыз қоғам" жобасы мамыр айында басталды. Бүгінде 6000 - нан астам ақтөбелік курсқа қатысып, сертификаттарын алды. Курсқа қатысушылар 5 күн бойы отбасылық қаржыны жинақтау, депозитті ашу жолдарын үйреніп, банкротқа ұшырамау жайлы кеңестер ала алады."Қарызсыз қоғам" жобасы қарашаның 30 күні аяқталады. Осы уақытқа дейін 2250 - ден астам қаржы сарапшысы дәріс өткізді. 250 қатысушыға отбасылық бюджетті игеру мақсатында түрлі кеңестер берілді.
Количество показов: 583
Дата создания: 02.11.2023 00:51:26