Ақтөбеде «Ана үйі» ашылды
Батыс Қазақстан бойынша Ақтөбеде алғаш рет «Ана үйі» ашылды. Әлеуметтік жоба Қазақстан кәсіпкерлерінің қолдауымен жүзеге асуда. «Ана үйі» оң жақта отырып, жүкті болған жас қыздардың баспанасы. Қаладағы аналар үйі 22-ші қаңтардан бері ашық. Бүгінде оны 4 бүлдіршінімен 4 ана мекен етіп отыр. «Ана үйі» перзентханалармен қоян-қолтық байланыста. Туа сала шаранасынан бас тартпақ болған қыздарға осы үйге жол көрсетіледі. Мұндай бір үйдің шығыны 1 жылға шамамен 15 миллион теңге. Қазақстан кәсіпкерлері шығындарды өз мойнына алған. Алдағы уақытта Ақтөбеден баласымен 10 адамға тағы бір коттедж үй жалдау жоспарда. Әр үй күзетіледі. Әлеуметтік жоба шарана жетімдер үйіне түспеуі үшін баласынан бас тартпақ болған қыз-келіншектерді райынан қайтарып, олардың аяғынан тұрып кетуіне қолдау көрсетуді көздейді. Қазақстанда әзірге 4 ана үйі ашылған. Оларда 25 қыз сәбилерімен бірге тұрып жатыр. Әр облыста мұндай кризистік орталықтар ашылар болса, жылына шамамен 500-600 баланың жетім атануына кедергі келтіруге болады. Бастамашы бизнесмендер осылайша алдағы 10-15 жылда елде жетімдер үйлері қажетсіз болып қалады деген болжам жасаған. 2014-15-ші жылдары Қазақстандағы ана үйінің саны 58-ге жеткізілмек. |
Количество показов: 5693
Дата создания: 14.03.2014 17:39:56