Ақтөбеде 16 жастағы бал өзіне қол жұмсады
Ақтөбеде 16 жастағы оқушы өзіне қол жұмсады. Оқиға кеше болған. Суицидтің себебі әзір белгісіз. 11-сынып оқушысының мәйіті көршілерінің сарайынан табылды,-делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада. Осы факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы "Өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсауының себептері анықталып жатыр. Бала №8 мектептің 11-сыныбында оқыған.Количество показов: 430
Дата создания: 15.09.2023 11:35:50