Ақтөбеде 16 лауазымды тұлға мемлекеттік сатып алу ережесін бұзған.
Қала прокурорлары талдау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Мемлекеттік мекемелер міндетті тендерді өткізбестен, таңдалған жеткізушілермен тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Тендерге қатысушылардың барлығына бірдей мүмкіндік берілмеген. Мемлекеттік сатып алу ережесін бұзғандардың ішінде қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі бар.Мемлекеттік мекемелер әлі күнге «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнама талаптарын орындамай, оны белден басып келеді. Бұған прокурорлардың тексерісі дәлел. Ақтөбеде 16 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардан 1,3 млн. теңге айыппұл өндірілді. Бір мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Прокурорлардың айтуынша, биыл 1 млрд. теңгеден астам сомаға 12 тендерлік байқау дұрыс өткізілмеген. Мемлекеттік сатып алу саласында қатысушылардың барлығына бірдей мүмкіндік бермеу, қаржыны мақсатсыз жұмсау сынды құқықбұзушылықтар көп.
Количество показов: 374
Дата создания: 19.10.2023 01:19:07