Ақтөбеде 15 жастағы бала суға батып кетті
Ақтөбеде 15 жастағы бала суға батып кетті. Оқиға кеше, сағат кешкі 7 лер шамасында тіркелген. Жасөспірім Елек өзенінің тиым салынған жеріне шомылған. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Елек өзені бойында 15 жастағы бозбаланың суға батып кеткені туралы хабарлама түседі. Сүңгуірлер жағадан 50 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен 2006 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарды. Жыл басынан бері қалада 8 адам суға кетті. Оның бесеуі кәмелет жасқа толмаған бала. Кісі өлімдері себептерінің сараптамасы бойынша, суға кеткен азаматттардың жартысына жуығы ережелерді сақтамағандар, үштен бір бөлігі алкоголь ішімдіктерін ішкендер болса, ал қалған бөлігі балалар. Осыған орай, құтқарушылар арнайы жабдықталған жерлерде ғана шомылу керектігін еске салады. Суға түсу кезінде мұқият болып, қарапайым ережелерді естен шығармағаныңыз абзал.Количество показов: 750
Дата создания: 15.06.2023 08:22:06