Ақтөбе әуежайы 27-наурызға дейін жабылды
Алдын ала мәлімет бойынша әуежай қызметі 10 күнге тоқтатылады. Осы аралықта әуе айлағында плиталарды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Себебі, еліміздің Азаматтық авиация комитеті әуежайдың ұшу-қону алаңын тексерістен өткізіп, бірнеше ақаулықтарды анықтаған. Әуежайдағы жөндеу жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен еді. Тек бұған дейін рейстер түнгі уақытта жүзеге асырылып келді. Енді бүгіннен бастап 27-наурызға дейін әуежай қызмет көрсетуді тоқтатады.
Ақтөбе әуежайының жабылуына байланысты еліміздің әуе компаниялары рейстерді тоқтатып жатыр. Бұрынырақ "Air Astana" Ақтөбеге рейстерді тоқтататынын хабарлаған болатын. Бүгін тағы екі компания - "SCAT" және "Qazaq Air" Ақтөбеден Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Түркістан бағыттарына рейстерді доғарды. Жолаушылар сатып алған жерінен билет құнын толықтай қайтара алады. Немесе рейсті басқа күнге қайта брондауға да болады. Атап өтейік, Ақтөбе әуежайынан аптасына 5 бағыт бойынша 52 ішкі рейс, сондай-ақ басқа елдердің төрт қаласына аптасына 9 рейс орындалып жүр.
Количество показов: 531
Дата создания: 17.03.2022 18:52:46