Бүгін қаладағы қоғамдық көліктердің саны артты. 8 жаңа автобус №40 бағыт бойынша қатынайды. "ANKAI" маркалы жаңа автобустарды "Қазхром" трансұлттық компаниясы қаланың 150 жылдығына сыйға тартты. Қаланың "Батыс 2" ауданы мен Ә.Молдағұлова, Әбілқайыр хан даңғылдары, Есет батыр, Тайбеков және Ғ.Жұбанова көшелеріне қатынайтын №40 бағыттағы жолаушылар тасымалдайтын автобус саны жеткіліксіз. Тұрғындар аялдамада 30-40 минут бойы автобус тосып, барар жеріне 2 сағат дегенде жетеді. Ертеңнен бастап бұл мәселе де шешілетін болады. Қала басшысы Ілияс Испанов жергілікті бюджеттің қаражатына көз сала бермей, өңірде тасын өрге домалатып отырған ірі мекемелер қаламыздың әлеуметтік жағдайын шешуге атсалысуы қажет деп қалды. Тарту етілген автобустар газбен жүреді. Экологиялық қаупі жоқ. Сыйымдылығы жоғары, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған көтергіштермен және бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Қызғылт сары автобустар қаланың екі бөлігін байланыстырады. "Батыс-2" ауданынан басталған қоғамдық көлік бағыты "Қазхром" компаниясының 4-ші цех аялдамасымен аяқталады.
Батыс-2 ауданында "Қазхром" компаниясының 120 қызметкері тұрады. Жұмысқа олар осы №40 автобуспен қатынайды. Дегенмен, қарапайым халық та бұл қоғамдық көліктермен жүре алады.
Количество показов: 1083
Дата создания: 01.02.2019 18:27:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>