Ақтөбе су тасқынына дайындалып жатыр
Сазды және Елек өзендерінің жағасында орналасқан саяжай тұрғындары үшін алдын ала бас сауғалау орындары дайындалды. Қажеттілік туындаған жағдайда жас туристер стансасы қауіпсіз аумаққа көшірілген адамдарды қабылдайды. Ал жылғалардан аққан суды мұз бөгеген жағдайда "Нитрохим Геосервис" ЖШС су-тоғандарда жарылыстар жасайды. Су-тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бүгін қалалық әкімдікте өткен арнайы жиын кезінде жарияланды. Ақтөбе гидрометрология орталығының пайымдауынша, қала маңындағы су-тоғандарға ылғал нормадан 1,5 есеге артық жиналады. Ағысты бөгемеу үшін Сазды өзенінің жылғаларына өсіп кеткен қамыстар мен талдар оталған. Қарғалы селолық округінде арықтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып жатыр. Мұндай жұмыс қаланың барлық көшелерінде жүргізіле бастаған. Мұз бөгелген жағдайда "Нитрохим Геосервис" ЖШС-і жарылыс жұмыстарын қолға алады. 90 су сорғыш техника дайын тұр. 3 жылжымалы насос, 8 автоцистерна, бульдозер, экскаватор, автокран секілді 10 арнайы техника бар. Су тасқынына қарсы күрес жұмыстарына 100-ден астам жұмысшы жұмылдырылады. "Ақбұлақ" пен "Трансэнерго" АҚ, өрт сөндіру мекемелері көмекке дайын. Бұл жұмыстардың барлығына 68 миллион 357 мың теңге жаратылмақ. 11-ықшам ауданда "Қазақтелеком" ғимараты жанынан су тасқынына қарсы штаб құрылады. Штабтың ашылу мерзімі ауа райымен байланысты. |
Количество показов: 2124
Дата создания: 24.02.2014 19:03:38