"Ақтөбе құрылыс инжиниринг" ЖШС-і жұмысшыларға 14 миллион теңге қарыз
"Ақтөбе құрылыс инжиниринг" ЖШС - нің жұмысшылары 2 айлық жалақыларын ала алмай жүр. Айтуларынша, компания басшысы қыркүйек және қазан айларына тиесілі жалақыны төлемегеніне 5 айдан астам уақыт болған. Жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын мекеменің 21 жұмысшысы компания басшысынан 14 млн теңгедей талап етіп отыр. Ал, компания басшысы болса, аталған қарыздың 7 млн теңгесінен құтылдым, дейді."Ақтөбе құрылыс инжиниринг" ЖШС - нің бұрынғы атауы "Асфальт" ЖШС - і. Мекеменің жол жөндеу жұмыстарымен айналысып келе жатқанына біраз жылдар болған. Қыс мезгілінде жұмыстары тоқтап, жылы уақытта ғана жұмыстары қыза түседі. Мекеме басшылығы жаз мезгілінде жұмысшыларды жұмысқа салып, қыркүйек, қазан айларына тиесілі жалақыны өтемеген. Ал қараша айында жұмыстан шығуларын талап еткен.Людмила Кенжегаринаның бұл компанияда жұмыс жасап келе жатқанына 17 жылдай уақыт болған. Қараша айында компания басшысының талап етуімен жұмыстан шыққан. Қазір ешбір жерде жұмыс жасамайды. Жалдамалы үйде тұрады. Айтуынша, "Ақтөбе құрылыс инжиниринг" ЖШС - нің директоры Дамир Тасмағамбетов барлық 21 жұмысшыға 14 млн теңгедей қарыз. Одан бөлек жұмысшылар тиесілі еңбек демалысына да ақша алмаған.
"Ақтөбе құрылыс инжиниринг" ЖШС - нің директоры Дамир Тасмағамбетов жұмысшыларға ай сайын жалақы төлеп отырғанын жеткізді. Оның сөзінше 14 млн теңгенің 7 млн теңгесін төлеген. Ал, бүгінде компания жұмысын тоқтатқан.Компания жұмысшылары облыс прокуратурасына арызданған. Облыстық прокуратураның шешімі бойынша мекеме басшысы 26 - шы қаңтарға дейін жұмысшылар алдындағы қарыздан толық құтылуы керек болған. Бірақ жұмыс беруші талапты орындамай отыр.
Количество показов: 757
Дата создания: 08.02.2023 12:17:02