"Ақтөбе" радиосына 21 жыл
Салтанат Аманжолқызы "Ақтөбе " радиосында 4 жылдан бері қызмет етіп келеді. Бала кезінен осы салаға қызыққан. Журналист әрі жүргізуші Салтанаттың сөзінше, радиода кері байланыс желісі жақсы дамыған. Ақтөбелік тыңдармандар күніне бірнеше мәрте телефон арқылы тікелей эфирге шығады. Тұрғындар қаладағы мәселелерді жеткізіп, жақын-жуықтарына сәлем жолдап, қуанышты сәттерімен бөліседі. Салтанаттың сөзінше, тыңдарманға жаңалықты жылдам жеткізетін - радио журналистері. "Ақтөбе" радиосы Әуе қалашығындағы биік мұнарада орналасқан. Ұжым шағын. Олар бір отбасының баласындай болып кеткен журналистер, музыкалық жүргізушілер, дыбыс инженері мен музыкалық редактор. 101.4 FM жиілігінде хабар тарататын радиоарнаға биыл - 21 жыл. Радионың жаңалықтар қызметі тәулігіне 10 рет қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. 10-нан аса бағдарлама бар. Спорт, денсаулық, мәдениет пен авто-жаңалықтар күн сайын шығады. Бағдарламалардың жартысына жуығы тікелей эфирде өтеді. 2015- жылдан бастап "Ақтөбе " радиосы өзінің эфирлік форматын жаңартып, заман талабына сай сандық жүйеде жұмыс істей бастады. Соңғы екі жылдан бері "Ақтөбе" радиосын ғаламтор арқылы онлай тыңдауға мүмкіндік бар. "Ақтөбе" радиосы 2006 және 2012 жылдары республика бойынша "Үздік радио" атағына ие болған. Ертең ұжым "Ақтөбе " радиосының туған күнін тойлайды. Одан кейін алдағы тәуелсіздік күні және жаңа жылға дайындалады .
Количество показов: 714
Дата создания: 08.12.2022 14:31:14