104.1 ҒМ жиілігіндегі «Ақтөбе радиосына» биыл 14 жыл. Ұжым туған күндерін бүгін атап өтуде. Радионың 14 жылдығына орай ұйымдастырылған іс шарадан тыңдармандар да қалыс қалған жоқ. Эфирге шыққан арнайы радиобағдарламаларға қатысты.
Туған күн қарсаңында «Ақтөбе радиосы» тыңдармандары арасында «Соло на трубе» атты орыс тілінде арнайы бағдарлама өткен болатын. Ақтөбеліктер эфирде караокемен өлең айту мүмкіндігіне ие болды. Жеңімпаздар анықталды. Сондай-ақ, «Бізге 14 жыл» атты тұрақты тыңдармандарға арналған радионың өткенін еске алу бағдарламасы әзірленді. Мұрағаттан алынған аңдатпалардан тыңдармандар бағдарламалардың атын тауып, сыйлықтарға ие болды. Ал бүгін ұжым мерекелерін өз араларында атап өтті. 104, 1 ҒМ жиілігінде күні-түні ақтөбеліктерге 20 адам қызмет көрсетеді. Журналист Жанар Датқызы мұнда 2 жылдан бері еңбек етеді. Тыңдармандарға қазақ тіліндегі жаңалықтарды жеткізеді. Сондай-ақ бірнеше бағдарламаның жүргізушісі. Радио халық көп тұтынатын ақпарат көзі. Сондықтан радиожурналистерге артылатын жүк ауыр. Үнемі тыңдарманмен тікелей байланыста болу, аудиторияны жоғалтып алмау үшін күнбе күн эфирді жетілдіру, шапшаңдықтан шаршамау басты міндет. Бұл талаптарды бұлжытпай орындайтын «Ақтөбе радиосы» 14 жыл бойы тұғырынан таймай келеді.
«Тәулік» бағдарламасының толық нұсқасын мына сілтемеден қараңыз
Количество показов: 2376
Дата создания: 07.12.2013 00:11:06
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>