Ақтөбе полициялары анасы мен ұлын өлтірген қылмыскерді іздеп жатыр
Бүгін таңғы бес жарым шамасында Жеңіс даңғылындағы көп қатарлы үйлердің бірінен 2 адамның мәйіті табылды. Пәтерде 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлы кісі қолынан қаза тапқан. Өлтірілген әйелдің 13 жастағы қызы мойнында пышақ жарақатымен облыстық балалар ауруханасына ауыр хәлде жеткізілген. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Операция жасалған. Қылмыскер іздестіріліп жатыр. ҚР ҚК "Кісі өлтіру" бабымен іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.Количество показов: 947
Дата создания: 29.03.2023 16:01:05